Жеті жастағы қыз ұшақ құлаған кезде аман қалды
Жеті жастағы қыз ұшақ құлаған кезде аман қалды
10 жыл бұрын 3008

NBC News ақпарат көзінің хабарына қарағанда, АҚШ-та ұшақ құлаған кезде жеті жастағы қыз аман қалған. Бортында бес адам болған екі моторлы ұшақ Кентукки штатының батысында құлаған екен. Жалғыз аман қалған қыздың әпкесі, бөле әпкесі және әкесі мен шешесі түгел қаза тапқан. Аман қалған қыз орман ішімен бір шақырымнан аса жол жүріп, сол маңдағы Ларри Уилкинстің үйіне келеді. Үй иесі дереу құтқару қызметіне телефон шалады. Кейін қаза тапқандардың кім екені белгілі болды: ұшақты жүргізген 48 жастағы Марти Гацлер, оның жұбайы – 46 жастағы Кимберли Гацлер және олардың қызы – 9 жастағы Пайпер Гацлер, сондай-ақ, жиендері – Сьерра Уайлдер. Аман қалған қыз ауруханаға жатқызылды. Оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Артынан қызды туыстары ауруханадан шығарып алды. АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасының дерегі бойынша осы апат алдында ұшақтың двигателінде ақау бары ескертілген екен.

 

0 пікір
Мұрағат