|
Жеті жасар баланың 80 тісін жұлды (видео)
|
Үндістанда сирек және күрделі хирургиялық ота ойдағыдай аяқталды. Онда Вивек есімді жеті жасар баланың 80 тісін жұлды. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Бала Индор қаласындағы (Мадхья-Прадеш штаты) Maharaja Yeshwantrao ауруханасына жатты, деп хабарлады NEWSru.com. Ота жасауға төрт сағат кетті. Дәрігер Барат Махешвари баланың ауруханаға бес күн бұрын жақ сүйегінің абсцесімен түскенін The Times of India-ға хабарлады.
Тексеру барысында оның бір иегінде көптеген артық тістер өскені анықталған. Дәрігер Анкит Хасгиваланың айтуынша, егер Вивек отаға келіспеген жағдайда төрт жылдан кейін оған 200 тісті жұлуға тура келер еді.
Вивекте қазір неше тіс қалғаны хабарланбады. Russia Today телеарнасы ауруханада түсірілген бейнетаспаны таратқан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cмартфонмен басқарылатын, сағатына 31 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, салмағы 10 грамм тартатын робот құс (видео)
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Индонезиялық компания өз елінің қажылары үшін Меккеде қонақ үй тұрғызады
■
Магнитті шаңғы пайда болды (видео)
■
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті