«Жасыл» энергия саудалана бастайды
|
Әлемдегі аса ірі жиһаз брендіне айналған IKEA компаниясы осы жылдың қыркүйек айынан бастап, жаңғыртпалы энергия көздерінен алынған энергияны саудалай бастамақ. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қолдағы дерекке қарағанда, әзірге жасыл энергияны шведтің үй шаруашылығы ғана тұтынып отыр. IKEA-ның әлемнің әр түкпіріндегі дүкендер қожайыны Ingka Group өкілдері мәлімдегендей, Швеция тұрғындары өзі арзан күн немесе жел электрс тансаларына қосыла алады әрі тұтынылған энергия мөлшерін арнайы мобилді қосымша арқылы қадағалай алады. Скандинавиялық Nord Pool биржасында электр энергиясын IKEA дүкендері үшін күн батареясын құрастыратын Svea Solar компаниясына сатып немесе арзанға сатып ала алады. Үй шаруашылығындағылар аталған қосымша арқылы артық энергияны сата алады. IKEA компаниясының тұрақты даму бөлімінің жетекшісі Йонас Карлехед жаңғыртпалы энергияның иглігін әлемнің өзге өңірлері де көруі үшін арнайы бағдарлама қабылданатынын жеткізді. Осылайша аталған компания жаһандық жылынумен күреске қомақты үлес қосыпақшы. IKEA компаниясының қоршаған ортаға әсерінің шамамен 20 пайызы оның жиһаздарын (тұрмыстық техникалар, жарықтандыру және элеетроника құрылғылары) тұтынушылардың пайдалану есебінен болып отыр. Сол себепті, жаңғыртпалы энергия көзін саудалау өз кезегінде аталған компанияға қосымша табыс көзі болып қоймай, сонымен қатар, 2030 жылға қарай экологиялық жағынан таза материалдарды пайдалануына да мүмкіндік бермек.