Жасы 25-ке толмай жатып үйленген қалыңдыққа ақы төленеді
Жасы 25-ке толмай жатып үйленген қалыңдыққа ақы төленеді
1 жыл бұрын 1161 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың шығысында орын тепкен Шаншан аймағында шаңырақ көтерген жастарға (егер қалыңдықтың жасы 25-ке толмаған болса) қолма-қол ақшалай сыйақы беріледі. Осылайша аталған өңір билігі бала көтеруге қабілетті жастарды ертерек отбасын құруын ынталандырмақ әрі төніп келе жатқан демографиялық апаттың алдын алмақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Guardian ақпарат көзіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай сыйақы (1000 юан – 63,3 мың теңге) алғаш рет отбасын құрған жастарға ғана береді. Бұдан бөлек, балалы болғандарға жәрдемақы қарастырылған. Сөз орайы келгенде Қытайда үйлену жасы ерлер үшін 22, ал әйелдер үшін 20 жас деп ресми түрде бекітілген. Аталған елде жалғызбасты әйелдерге мемлекет тарапынан қандай да бір қолдау көрсетілмейді. Халықтың қартаю процесі қарқын алып келеді. Дәлірегі, қарттар қарасы көбейіп келе жатқандықтан еңбекке жарамды жастар саны жылдан жылға кеміп барады. Бір ғана өткен 2022 жылы Қытайда 2021 жылы отбасын құрғандармен салыстырғанда 800 мыңға кем болды. Қытай жастары отбасын құруға асықпайды. Бұған бірнеше фактор әсер етіп отыр, соның ішінде жұмыссыздық пен материалдық қиындық, сондай-ақ, отбасы институтына тән құндылықтардың құлдырауы да себеп болуда.

Ұқсас матиериал:

"Қытайда туу көрсеткіші 2023 жылдың соңында ең төменгі деңгейге жетуі мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaida-tuu-korsetkishi-2023-jyldyn-sonynda-en-tomengi-dengeige-jetui-mumkin-19011/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат