Жасанды зердеге сұраныс жаңа миллиардерлердің пайда болуына ықпал етіп жатыр
Жасанды зердеге сұраныс жаңа миллиардерлердің пайда болуына ықпал етіп жатыр
4 ай бұрын 1058 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде саласындағы дәулеті бір миллиард доллардан асатын жекеменшік компаниялар саны биыл 500-ге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CB Insights талдау платформасының деректеріне жөн сілтеген Computerworld ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы 500 компанияның жүзі (100) соңғы екі жылда құрылған. АІ технологиясы саласындағы дәулеті 1 млрд доллардан асатын 500 компанияның жалпы капиталы шамамен 2,7 трлн долларға жуықтаған. Бұған қоса, АІ саласындағы 1300-ден аса стартапқа кем дегенле 100 млн доллар құйылған. Anthropic, OpenAI, Anysphere және Safe Superintelligence сияқты компаниялар қаржыландырудың соңғы кезеңдерінде ірі инвестиция тартқан. Бұл мәмілелер компаниялардың негізін қалаушылар мен негізгі акционерлер үлесінің өсуіне ықпал етті.

0 пікір
Мұрағат