ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІН ЖАЗУШЫЛАРҒА МИЛЛИОН ДОЛЛАР БЕРІЛЕДІ
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІН ЖАЗУШЫЛАРҒА МИЛЛИОН ДОЛЛАР БЕРІЛЕДІ
1 жыл бұрын 957 24.kz

"Чат Джи-Пи-Ти"-ді құрастырушылар жасанды интеллект жасап шығару бойынша ережелер дайындау үшін 1 миллион доллар бөлмекші. Бұл туралы Хабар24 ақпарат көзі хабарлады.

Бірлестік қаржыны осыған қатысты этикалық мәселелердің шешімін ұсынған 10 компанияға бөліп бермек. Олардың арасында саясаткерлерді сынау, нәсілшілдік пікір білдіру сынды түйткілдер бар.

Осымен қатар "Чат Джи-Пи-Ти"-дің ғаламторда жалған ақпарат беру мүмкіндігі де алаңдатып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропалық Одақ әлемде бірінші болып  жасанды интелектіні қолдану бойынша заң жобасын бекіткен.

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ПЕН GOOGLE ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ БІРЛЕСКЕН КЕЛІСІМ ДАЙЫНДАУДА

Құжат нейрондық желілер тудыратын қауіптерден қорғауға арналған. Бұл туралы Хабар24 ақпарат көзі хабарлады. 

Бұл акт Еуропалық Одақта жасанды интеллектке қатысты заң пайда болғанға дейін уақытша жұмыс істейді. Құжат негізі адамзат пен оның игілігі үшін жасалған.

Брюссель бұл жобаға ірі IT-компанияларды жұмылдырып отыр. Әзірге өзге мәліметтер жария етілмейді. Бұл құжатты енді Еуропалық Парламент пен Одаққа мүше елдер мақұлдауы тиіс.

"Оны бекіту жұмыстарына 3 жыл уақыт кетуі мүмкін", - дейді мамандар.

 

0 пікір
Мұрағат