Жарты жыл ішінде 1,7 млн шаршы метр кілем қолдан тоқылған
Жарты жыл ішінде 1,7 млн шаршы метр кілем қолдан тоқылған
3 жыл бұрын 3194 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран кілемі шиғалар елінің бетке ұстар бренді – қолдан тоқылған кілемнің қаны жерге тамбай өтіп кетеді. Еуропада, Жапонияда, АҚШ пен Канадада. Иран кілемі Иран мәдениетінің ажырамас бөлігі, белгілі бір деңгейде парсы елінің мәдени атрибуты ретінде қабылданады. Иран кілемінің тарихи тамыры тым тереңде жатыр – біздің дәуірімізге дейінгі V  ғасырға барып тіреледі. Бұл жайында islam.kz порталы en.mehrnews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иранның ұлттық кілем орталығының жетекшісі Фарахназ Рафенің айтуынша, иран күтізбесі бойынша осы жылдың алғашқы жартысында (6 ай мерзімде) елде 1,7 млн шаршы метр қолдан кілем тоқылған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда 10%-ға артық. Дегенмен пандемия мен санкцияға байланысты кілемге қажетті шикізат тапшылығы артып келе жатыр. Иран шеберлерінің қолынан шыққан кілемді әлемнің 33 елі импорттайды. 

0 пікір
Мұрағат