Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиятын полицияның маңызы кеміді
Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиятын полицияның маңызы кеміді
3 жыл бұрын 1883 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиядағы әлемге әйгілі ерекше полицияның («Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиятын) ұзақ жылдар бойы құрығы ұзын, құзыреті кең орган ретінде аты шыққан еді. Бұл туралы islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда жиі рейдке шығып, сауда орталықтарындағы саудагерлер мен тұтынушылардың намаз уақыты кіргенде құлшылық етуін бақылап, өзге де шариғат талаптарының қатаң сақталуын қадағалап келген болатын. Алайда, соңғы жылдары тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның пәрменімен  жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформа аясында әйелдерге көптеген еркіндік берілуде, кейбір шектеулер қолданыстан алынды. Керісінше, аталған араб еліндегі жақсылыққа шақыратын комиссия елдегі туризм бағытын жандандыру үшін ойын-сауық индустриясын дамыту органы болып қайта құрылды. Аталмыш полиция өкілдеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынғандықтан мұндай күштік құрылымның ендігі жерде маңызы қалмай барады.

0 пікір
Мұрағат