|
Жапонияда ғарыштан бақыланатын аяқ киім сатылуда
|
Жапон өнертапқыштары әлемді тағы таңқалдырды. Енді мұндағы дүкендерден GPS-жүйесі кіріктірілген күнделікті киюге болатын аяқ киім сатылуда деп жазады ТАСС.
Бұл жүйе смартфон немесе компьютерге сымсыз жалғанады. Бақылағыш шағын құрылғы аяқ киімнің тақалы бөлігіне салынған. Арнайы сайтта тіркелген соң, осы аяқ киімді киген адамның қайда жүріп-тұрып жатқанын оңай қадағалайсыз. Өнімді шығарған компания өкілінің айтуынша, бұл аяқ киім, әсіресе ата-аналар мен қарттар үшін таптырмайды. Себебі оны киген адамның жүріс-тұрысын біліп отыру әлдеқайда жеңілдеген болар еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді