Жапонияда бір айда мыңнан астам компания банкротқа ұшыраған
Жапонияда бір айда мыңнан астам компания банкротқа ұшыраған
6 ай бұрын 486 inform.kz Мұқтар Мұрат. Фото: china.kyodonews.net

KAZINFORM – Tokyo Shoko Research Corporation 10-ы күні Жапонияда мамыр айында корпоративтік банкроттықтар саны (қарыз сомасы 10 миллион иенден асатын) 1 009-ға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,9%-ға артты деп хабарлады. 

Kyodo News ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жапонияда 2013 жылдың шілдесінен бері шамамен 11 жыл ішінде алғаш рет 1 000-нан астам компания бір ай ішінде банкротқа ұшырап отыр. 

Оған әсіресе коронавирустық індетке байланысты несиелерді өтей алмау жағдайларымен қатар, бағаның өсуі және жұмыс күшінің жетіспеушілігі себеп болған. Бұдан өзге де түрлі жағдайлар аталған компаниялардың қызметіне көп кедергі келтірген. 

Болжам бойынша, Жапонияда 2024 жылы банкрот деп жариялаған компаниялардың саны 10 мыңнан асуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат