Жапонияда 90 жастан асқан тұрғындардың саны 2 млн-нан асты
Жапонияда 90 жастан асқан тұрғындардың саны 2 млн-нан асты
7 жыл бұрын 3492 inform.kz

Биыл Жапонияның жасы тоқсаннан асқан тұрғындарының саны 2 миллионнан асты. Елде Қарттарды ардақтау күні қарсаңында Жапония Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі жыл сайын жариялап отыратын жапон қоғамының жас ерекшеліктері туралы статистика осыны көрсетеді.  1980 жылы бұл көрсеткіш 120 мыңның айналасында еді. Жапон қоғамы барған сайын қартаю үстінде екені айтылып отыр. Жапон жастарының арасында перзент сүю көрсеткіштері азайып кеткен, басым көпшілігі бала тууға жасы ұлғая келе шешім қабылдайды, ал медицина сапасы үдемелі өсіп келеді. Осы факторлардың нәтижесінде елдегі өмір сүру ұзақтығы да созылуда. 65 жастан асқан тұрғындардың үлесі өсуін жалғастыруда, биыл бұл көрсеткіш 27,7 %-ға жеткен. Жапонияда егде тартқан адамдардың саны 35,14 млн-нан кем емес. Қазіргі кезде Жапонияда 65-тен асқан тұрғындардың үштен бірі жұмыс істейді.

0 пікір
Мұрағат