Жапония келесі жылы ресми түрде криптовалютаны қаржы құралы ретінде танитын болады
Жапония келесі жылы ресми түрде криптовалютаны қаржы құралы ретінде танитын болады
4 күн бұрын 581 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония билігі 2026 жылы криптовалютаны қаржы құралы ретінде ресми жіктеуді көздеп отыр. Цифрлы активті тек инсайдерлік сауда-саттықта, яғни, акциялармен немесе құнды қағаздармен саудада шектейтін болады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде күншығыс елінің Nikkei агенттігіне жөн сілтеген incrypted.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жапонияның қаржы қызметтері агенттігі (FSA) 2026 жылы «Қаржы құралдары және биржалар туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын парламентке енгізуді көздеп отыр. Хабарланғандай, қазіргі уақытта бұл түзетулер жабық сараптамалық топтарда талқылануда. «Қазір биткоин сияқты криптовалюталар төлем құралы ретінде жіктеледі, себебі, бастапқыда олар негізінен төлем әдісі ретінде қарастырылды. Алайда, қаржы өнімдері ретінде танылған жағдайда криптовалюталар акциялар мен облигациялар сияқты бағалы қағаздардан жеке құқықтық мәртебе алуы мүмкін», - деп айтылған хабарламада. Егер бұл тараптағы өзгерістер күшіне енсе, реттеуші орган алаяқтық фактілерінің өсуіне байланысты жергілікті криптовалюта қызметтерін ұсынатын тараптарға бақылауды күшейте алады», - делінген The Block хабарламасында. Журналистердің пікірінше, егер криптовалюталар қаржы активтеріне жатқызылса, онда биржалар ғана емес, криптовалюта секторына инвестиция тартатын компаниялар да қаржы органдарында тіркелуі тиіс. Осы орайда 2025 жылдың ақпан айында Nikkei агенттігінің FSA тарапынан криптоактивті құнды қағаздар деңгейінде қаржы өнімі ретінде тану мүмкіндігі талқыланып жатқанын жаазғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4