Жапондар әлемнің 190 еліне, ал қазақстандықтар тек 76 еліне визасыз бара алады
Жапондар әлемнің 190 еліне, ал қазақстандықтар тек 76 еліне визасыз бара алады
6 жыл бұрын 2610 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы Қазақстан азаматтары әлемнің тағы 5 еліне визасыз бара алатын мүмкіндікке ие болды. Henley & Partners агенттігі паспорттардың жаңғыртылған индексін ұсыныпты. Мұнда азаматтарға визалық шектеу қойылған елдер рейтингісі қамтылған. Бұл рейтингте Жапония көш бастаған (өзге елдерге жабық мемлекет болғанына қарамастан) - күншығыс елінің тұрғындары әлемнің 190 елін визасыз аралай алады. Екінші орынға Оңтүстік Корея мен Сингапур табан тіреген - 189 ел. Өткен жылы бұл тізімде көш бастаған Германия осы жолы үшінші орынға сырғыпты, яғни, Франциямен қатар тұр - 188 ел. Одан кейінгі орындарға Дания, Италия, Финляндия және Швеция жайғасқан - 187 ел. Ал бесінші орыннан Испания мен Люксембург көрінген (186 ел). Десе де біздің ел бұл тізімде алға жылжығанын байқауға болады. Бір жылдың ішінде әлемнің бес еліне виза аштырмай баруға қол жеткізу үлкен жетістік. Қазақстан осылайша аталған рейтингте 67-ші орыннан көрініп, екі сатыға көтерілген. Аталмыш рейтингтің соңынан көрінген Ирак пен Ауғанстан азаматтары әлемнің тек 30 еліне визасыз бара алады. 

0 пікір
Мұрағат