Жануарлар әлемі: Атқылап жатқан жанартау кратерінен тірі акула табылды
Жануарлар әлемі: Атқылап жатқан жанартау кратерінен тірі акула табылды
10 жыл бұрын 4158

Америка ғалымдары Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Кавачи жанартауының ішкі кратерінің қауіпті жағдайында екі акуланы байқап, таспаға тартып алды. Акулалар температураның жоғары әрі қышқылдықтың артық болуына қарамастан аман-есен жүзіп жүр. Бұл жайында «Daily Mail» ақпарат көзі хабар таратты. Кратердегі экстремалды жағдайға байланысты ғалымдар видеокамераны ары кеткенде су астында бір сағаттан артық ұстай алмайды. Акулалар 45 метр тереңдікте жүзіп жүр. Тек акулалар ғана емес, сонымен бірге, медузаны және бірнеше балықты байқаған. Бұл өз кезегінде су астында тіршілік ететін бұл тіршілік иелерінің мынадай ортаға қалай бейімделгені океанологтарды таң-тамаша қалдыруда. Айта кетейік, Кавачи — тынық мұхитының оңтүстік-батысындағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Алғаш рет бақылауға алынған 1939 жылдан бері бұл жанартау теңіз деңгейінен сегіз рет көтеріліп, төмен шөккен екен. 2003 жылы оянғанында 15 шаршы метрге жететін арал пайда болған еді, алайда, көп ұзамай су астына шөгіп кетті.

 

Алып акула ғаламтор жұлдызына айналды (видео)

Оңтүстік Африкадағы балықшы бір ақ акула лақтырылған балықты жеп жатқан кезде, оның артынан тағы бір акула секіргенін видеоға түсіріп алған. Видеодағы акуланың осындай қылығының арқасында оны бірнеше күннің ішінде ОАР тұрғындары 300 мыңнан астам рет тамашалап үлгерген, деп хабарлады Mirror. Видео оңтүстік африкалық Моссел-Бэй қаласының маңында түсірілген. Төменде жарияланған кадрларда ақ акуланың ерекше де таңқаларлық секіруі көрсетілген.

0 пікір
Мұрағат