Жаңғыртылатын энергия алғаш рет тағы бір елдің қажеттіліктерін 100% қамтамасыз ете алды
Жаңғыртылатын энергия алғаш рет тағы бір елдің қажеттіліктерін 100% қамтамасыз ете алды
2 жыл бұрын 1357 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Грекия тарихында алғаш рет ел тұтынатын барлық энергия жаңғыртылатын көздерден алынған жағдай тіркелді. Мұндай сәт қазан айының 7-і күні 5 сағат бойы байқалған. Бұл жайында islam.kz порталы euro-pulse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2012 жылы Грекия қоңыр көмірден электр энергиясын өндіруді жүйелі түрде қысқартуды бастады. Содан бері Еуропалық статистикалық агенттік, яғни, Eurostat мәліметі бойынша елдің жаңғыртылатын энергияны тұтыну деңгейі 21%-ға жеткен. Грекия 2030 жылға қарай елдің электр энергиясына деген қажеттілігінің кем дегенде 70 пайызын жаңғыртылатын көздерден қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Грекия қысқа уақыт ішінде жаңғыртылатын энергияны тұтынудың жоғары үлесіне қол жеткізген Еуропа Одағындағы бірінші ел емес. Мәселен, 2017 жылы бір күн ішінде Германияның энергияға деген қажеттілігінің 85%-ы баламалы қуат көздерінен - күн, жел, су және биомасса есебінен қанағаттандырылды.

0 пікір
Мұрағат