Жан жарасын емдейтін қонақ үй ашылды
Жан жарасын емдейтін қонақ үй ашылды
10 жыл бұрын 3144

Шотландияда жан жарасын емдейтін қонақ үй ашылды. ArdochHouse қонақ үйі қонақ күтудің ерекше әдісін қолға алыпты.

5 күнді қамтитын бағдарламада меймандар өзінің ішкі дүниесіне саяхат жасап, бойындағы ерекше қасиеттерді ашуға және бақытты сәттерін еске түсіруге мүмкіндік алады. Мұндай "саяхаттың" басты мақсаты – қонақ үйдің клиенттерін жан жарасынан арылту. Бұл ұсыныс жақында сүйіктісінен айырылғандарға немесе басқа да себептермен сүйіктісімен байланысын үзуге мәжбүр болғандарға, тіпті, жоспарын сәтті жүзеге асыра алмай, күйзеліске түскендерге арналады. Daily Mail басылымы жазғандай, ондай ерекше қонақтармен түрлі саладағы жоғары білікті консультанттар жұмыс жасайды. ArdochHouse жүрегі жараланған жандарға арналған бірегей демалысты Лох Ломонд Ұлттық саябағындағы әдемі жерде ұйымдастырмақ. Мұндай терапиядан бір мезетте 20 адам өте алады. 5 күндік демалыстың құны – 3725 еуро, бұл құнның ішіне қонақ үйге дейінгі жол шығыны кірмейді.

0 пікір
Мұрағат