Жамал Кашыкшының соңғы сөзі жария болды
Жамал Кашыкшының соңғы сөзі жария болды
6 жыл бұрын 4156 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Al-Jazeera ақпарат көзі Стамбұл шаһарындағы Саудия елшілігінде қастандықпен өлтірілген саудиялық оппозициялық тілшінің соңғы сөзін жария етіпті. Арабтардың аталмыш телеарнасына түріктердің Daily Sabah мерзімді басылымының Назиф Караман есімді тілшісі хабарлаған. Аталмыш мерзімді басылымында ол Кашыкшының қаза табу құпиясын ашуға талпынған тілші. Оның қолына саудиялық тілшінің соңғы сөзі жазылған аудиожазба түскен екен. Түрік тілшісінің сөзіне қарағанда, саудиялық тілшіні өлтіру жеті минутқа созылған. "Мен тұншығып барам... Мына қапты басымнан шешіңдер, мен клаустрофобиядан зардап шегемін",- деген сөзі таспаға тартылып қалған. Түркия билігі қастандықпен өлтірілген тілшінің өліміне қатысты аудиожазбаны көшірмесінАҚШ-қа, Ұлбританияға, Германияға, Францияға және Саудияға табыс еткенін мәлімдеді. Бұл өлімге Саудияның тақ мұрагерінің қатысы бар ма? Осыны анықтауға кірісіп отыр. 

0 пікір
Мұрағат