Жалғыздық індеті әлеуметтік дертке айналып, жаһандық сипат алып барады
Жалғыздық індеті әлеуметтік дертке айналып, жаһандық сипат алып барады
10 жыл бұрын 5195

Brigham Young University ғалымдарының айтуынша бүгінгі таңда жаһандық сипат алған жалғыздық індеті әлеуметтік дертке айналып, адамдардың денсаулығына үлкен қатер төндіруде. Келе-келе тұтас бір ұлттың болашағына балта шабуы мүмкін екенін де ескертеді. Жалғыздық эпидемиясы семіздік індетінен де қауіпті сипат алған. Ғалымдардың осы тақырыпқа қатысты зерттеуі Perspectives on Psychological Science қауымдастығының сайтында жарияланды. Ғалымдар үш млн-ға жуық адамның медициналық мәліметін талдай келе қарттарға қарағанда жастар арасында жалғыздықтан өлу қатерінің жоғары болғанына көз жеткізген. Ғалымдардың бірі Тим Смиттің айтуынша, адамдардың кейбірі жалғыз өмір сүрмесе де, туыстарымен бірге тұрса да жалғыздықтан азап көретін болып шықты. Әлеуметтік тұрғыдан оқшауланып өмір сүру жастарға қиын тиетінін айттық. Жалғыздық семіздікке қарағанда адам денсаулығына анағұрлым қатерлі. Адам өмірін қысқартады. Жылдан жылға жалғыз өмір сүретіндердің қарасы артып келеді. Жалғыз өмір сүретіндердің жүйкесі ерте сыр беріп, бұл өз кезегінде түрлі ауруларды тудырады екен.

1 пікір
  • Менің танысым өзі тұйық адам еді үнемі жалғыз жүргенін көретінмін қазір ол эпилепсиямен ауырып жүр
    10 жыл бұрын
Мұрағат