Жалған жарнама арқылы тұтынушыларды алдағандарға араб елінде қандай жаза тағайындалатыны айтылды
Жалған жарнама арқылы тұтынушыларды алдағандарға араб елінде қандай жаза тағайындалатыны  айтылды
9 ай бұрын 719 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі ел тұрғындарын жалған жарнама арқылы алдаған компаниялар мен жеке тұлғалардың түрме жазасына кесіліп, қомақты айыппұл төлейтінін ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БАӘ үкіметі жалған жарнамалар арқылы тұтынушыларды адастыруға қарсы қатаң ескерту жасады. Дәлірегі, бұл бағыттағы заң талаптарын бұзғандар қауесеттер мен киберқылмыстармен күрес туралы 2021 жылғы № 34 федералдық заңның 48-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру және 500 000 дирхамға дейінгі айыппұл салу жазасы қолданылады. Аталған араб елі прокуратурасының өкілдерінің айтуынша, ақпараттық желілерді, технологияларды немесе онлайн платформаларды тауарлар немесе қызметтер туралы жалған ақпарат тарату үшін пайдаланатын адамдар бас бостандығынан айырылуы мүмкін және 20 мыңнан 500 мың дирхамға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұған қоса, аталмыш ереже тиісті органдардың рұқсатынсыз виртуалды немесе цифрлық валюталардың делдалдығына және саудасына да қатысты қолданылады. Мұндай алаяқтық бір жыл толмай жатып қайталанған жағдайда салынатын айыппұл мөлшері екі есеге артады. Бұл тараптағы нұсқаулықта айтылғандай, жарнама екіұшты болмауы керек; жалған немесе жаңылыстыратын мәлімдемелер болмауы керек; бұрмаланған суреттерді қолданбау керек; өнімнің немесе қызметтің артықшылықтарын асыра көрсетпеу керек; басқа атаулармен, өнімдермен немесе қызмет түрлерімен шатастыруға себеп болмауы керек; қылмыстық әрекетті құптамауы керек; қолданыстағы медиа мазмұны мен жіктеу стандарттарын бұзбауы керек. Алайда, әлеуметтік желілердегі бірқатар қызмет түрлері нұсқаулыққа сәйкес лицензиялауға жатпайды. Бұл, атап айтқанда, қайырымдылық қызметі мен тегін коммерциялық емес жарнаманы қамтиды.

0 пікір
Мұрағат