Жаһандық жылынуға байланысты Австралия экономикасы құлдырайды
Жаһандық жылынуға байланысты Австралия экономикасы құлдырайды
1 жыл бұрын 951 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Индустриялық кезеңге дейінгісімен салыстырғанда ауа температурасының Целсия бойынша екі градусқа көтерілуі бірқатар елдің, соның ішінде Австралия экономикасына едәуір шығын келтіреді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған ел үкіметінің баяндамасында келтірілген мәліметтерге жөн сілтеген The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылыну ең алдымен еңбек өнімділігін төмендетеді, осының кесірінен ел экономикасы 135-123 млрд долларға дейін шығынға батады. Егер орташа ауа температурасы Целсия бойынша үш градусқа көтерілсе, экономикалық шығын 155 млрд долларға дейін көтеріледі. Бұдан бөлек, 2063 жылы астық мөлшері төрттен бірге қысқарады.

Ұқсас материал:

«Жаһандық дағдарысты тереңдететін тағы бір жоба пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-dagdarysty-terendetetin-tagy-bir-joba-paida-boldy-19045/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат