Жаһандық жылыну миллиондаған адамның өмірін қияды
Жаһандық жылыну миллиондаған адамның өмірін қияды
3 жыл бұрын 2645 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Келесі ғасырдың бас кезінде орташа температураның көтерілуі мен жиі қайталанатын төтенше ауа райынан шамамен 83 млн адамның опат болатыны айтылған зерттеу нәтижесі Nature Communications мерзімді басылымында жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар мұндай болжамды климат моделін жасай отырып жасады. 2020-2100 жылдар аралығында ұзын саны шамамен 83 млн адам опат болады жаһандық жылынудан. Осы ғасырдың аяғына таман климат өзгерісінен жыл сайын 4,6 млн адам өледі, деп жазған екен Колумбия университетінің ғылыми қызметкері Дэниел Бресслер. Құрғақшылық пен аптап ыстық, нөсер мен тасқын-сел жиі қайталанатын болады. Осыған байланысты жыл сайын мұндай ауа райы құбылыстарынан өлім-жітім 5%-ға артып отырады. Бұл жайт өз кезегінде әр елдің демографиялық ахуалына әрқалай әсерін тигізетін болады.

0 пікір
Мұрағат