|
Жаһан: Қытайда 200 жылдық аса ірі саламандра табылды (видео)
|
Қытайдың орталық бөлігіндегі Чунцин қаласының маңындағы оқшауланған үңгірде алып саламандра табылды.
Оның ұзындығы 1,4 метрге, ал салмағы 51,7 келіге жетеді. Оның жасы 200 жылға бағаланды. Жәндік зерттеу үшін ғалымдарға тапсырылды. Қытайда ол заңмен қорғалады. Соңғы 30 жылда браконьерлік салдарынан оның саны күрт азайды. Аспан асты елінде ол құнды және оны дәрілік зат дайындауға пайдаланады.
Қытайлық алпауыт саламандра (Andrias davidianus) 170 миллион жылдан стам тіршілік етіп келе жатқан ең ірі қосмекенді. Жануар таулы өлкеде, суы таза өзендер мен көлдерде кездеседі. Бұл туралы "The Daily Mail" басылымы хабарлады.
Қытайлық 13 жылдан бері басына зілдей тас қойып, велосипедпен зырғытып жүр
Қытайда жасы 50-ден асқан Чжан Сюньму атты адам тұрады. Бір қызығы, ол күнде таңғы сағат төртте оянып, велосипедіне отырады екен.
Жәй ғана отырмайды. Салауатты өмір салтын ұстанған қытайлық басына бірнеше ондаған келі болатын ауыр тастарды қойып алып, серуенге шығады, деп хабарлайды 24.kz. Ол мұндай ерекше серуенге шығып тұруды сонау 2002 жылы бастаған. Сол кезден бері өткен 13 жыл ішінде Чжан басына қоятын тастар салмағын көбейтпесе азайтпапты. Бұдан әуесқой велосипедшінің денсаулығы нығая түскен, деп жазады cri.cn.