|
Жаһан: Мешіт ауласында айшық салып кетті
|
АҚШ-та үш жас жігітке, соның ішінде, екі жасөспірімге Нью-Йорк штатына қарасты Орлеанс округындағы мешіттің ауласында христиандар символы болып табылатын айшықты салып кеткені үшін айып тағылып отыр. Яғни, жергілікті сопылық мешіттегі олардың діни араздыққа бастайтын арандату әрекеті құқық қорғаушылардың да назарын аударған еді. Қаскүнемдер артынан бегілі болып, қолға түсті. Олар қылмыстарынан дереу танып шыға келді. Ата-аналары жауапкершілікті өз мойындарына алып, бостандыққа алып шықты. Күдіктілер: 20 жастағы Джарод Биманс пен оның екі сыбайласы. Оларға бірнеше бап бойынша айып тағылды. Атап айтқанда, бұзақылығы, қасақана өрт қоймақ болғаны, діни араздыққа жол бергені үшін айыпталып отыр. Бұл жайында IslamNews порталы WGRZ ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.
Денге безгегі тағы бас көтерді
Тропикалық денге безгегі тағы бас көтерді, дәлірегі, індеттің бұл түрі Тайван аумағында шапшаң таралуда. Осы безгекті жұқтырғандар қарасы 10 мың адамнан асып кетті. 25 адам қаза тапты. Бұл жайында Global Look Press ақпарат көзі хабар таратты. Маса арқылы тарайтын індет негізінен аталған елдің оңтүстік-батыс аймағында және аса ірі Гаосюн айлақты қаласында қатерлі сипат алған. Айта кетейік, денге безгегі троикалық және субтропикалық аймақтарда масаның шағуынан пайда болатын жұқпалы (вирусты) инфекция. Бұл инфекцияна жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, жүрегі айниды, басы ауырып, белі қақсайды. Асқынған жағдайда адамның ішіне қан кетеді.
Сирияда 2 миллион бала мектепке бара алмай отыр
Baq.kz ақпарат көзі хабарлағандай, Save the Children қайырымдылық ұйымы Сирияда 2 миллионнан астам баланың мектепке бара алмай отырғандығын айтып дабыл қақты.
2011 жылы елде соғыс басталған уақыттан бері 4 мыңдай мектепке әуеден шабуыл жасалған. Ғимараттарға оқ жаудырып, кейбірін тіпті, жарып та жіберген.
Жаңа оқу жылы басталысымен жүргізілген зерттеулер Сириядағы білім беру саласының апатты жағдайда екенін көрсетіп отыр. Елдегі сауатсыздық деңгейі осы төрт жыл ішінде күрт жоғарылаған.
Қазіргі таңда Еуропаға ағылып жатқан босқындардың көпшілігі балаларының білім алып, бейбіт өмір сүруі үшін елді тастап кетуде.
9 миллион мигрант АҚШ азаматтығын алуы мүмкін
АҚШ президенті Барак Обама заңды жолмен келген мигранттардың азаматтығын рәсімдеу жөніндегі науқанның басталғанын жариялады. Ақ үйдің мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта бұл елде заңды жолмен келген шамамен 13,3 миллион мигрант өмір сүріп жатыр. «Егер сіздің құқығыңыз болса, азаматтықты рәсімдеуді бүгіннен бастаңыз. Бізге қосыл – бәріміз Американы қуатты мемлекетке айналдырамыз!»,- деп мәлімдеді ол Азаматтық күніне орай жасаған видео үндеуінде. Ақ үй қожайынының бұл мәлімдемесі Reuters ақпарат ресурсында келтірілген. Хабарға қарағанда, 8,8 миллион мигрант азаматтық алуға құқылы. Олардың үштен бірі АҚШ-та ширек ғасырдан астам уақыт, яғни, 25 жылдан аса тұрып келеді. Азаматтықты рәсімдеу науқаны тек ағылшын тілінде ғана емес, сонымен қатар, қытай, вьетнам, кәріс және филиппин тілдерінде де жүргізіледі. Ақ үй әкімшілігі мәлім еткендей, АҚШ-тағы аса ірі 20 қала бұл бастамаға қолдау білдірген.
Цистерна жарылысынан 100-ден аса адам опат болды
Суданның астанасы Джубе қаласында жүздеген адамның өмірін жалмаған апат орын алды. Жанар-жағармай әкетіп бара жатқан автокөлік аударылып қалған. Жергілікті тұрғындар цистернаға саңылау салмақ болған екен жанар-жағармайды ағызып жіберу үшін. Алайда, олардың бұл әрекеті жарылысқа себеп болып, соның нәтижесінде 100-ден аса адам опат болған және жүз елуге тарта адам жарақат алған. Reuters ақпарат ресурсы хабарлағандай, ел президенті бұл оқиғаның қарулы қақтығыспен қандай да бір байланысы жоғын мәлімдеген. Мұндай кісі өлімімен аяқталатын төтенше жағдай Африка құрлығын жайлаған елдерде жиі қайталанады. Мәселен, 2013 жылы Угандада тура осыған ұқсас жағдайдан 30-ға жуық адам қаза тапқан болатын. Сөз реті келгенде айта кетейік, Судан әлемдегі ең қауіпті елдердің бірі. Бұл елде азаматтық соғыстан бөлек тырысқақ індеті тараған. Судандағы азаматтық соғыс 2013 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Сол кездегі ел президенті Салва Киирді бұрынғы орынбасары Рика Махара мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптаған еді. Бұл өз кезегінде елді этникалық жікке бөлген болатын.