Жаһан: Меккеде құлаған кранға найзағай түскен көрінеді
Жаһан: Меккеде құлаған кранға найзағай түскен көрінеді
10 жыл бұрын 7316

Қасиетті Мекке шаһарындағы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компания инженері соңғы мәлімет бойынша 111 жанның өмірін қиған апатты оқиға жайлы өз пікірін білдірді. Saudi Binladin Group деп аталатын компания маманы алып кранның «асқан кәсіби шеберлікпен» орнатылғанын және ақаусыз жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Болған оқиға Алланың қалауымен болған іс дейді ол. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Сол күні алып кранның құлағанын көзімен көргендер оған найзағай түскенін айтып жүр. Дегенмен, қасиетті қажылық маусымы қарсаңында орын алған бұл оқиға қажылардың Қағбаны көрсем деген ниетіне әсер етпеген тәрізді.

Тіпті, Мысырдан келген Мухаммед Ибрахим есімді қажы: «Сол жерде бола алмағаныма өкінемін. Қасиетті мекенде, қасиетті уақытта!» – деп өз ойын білдірген көрінеді. 

 

Жартылай жалаңаш қыздар мұсылмандардың мәслихатын болдырмай тастады

Париж шетіндегі француздардың Понтуаз қаласында өтіп жатқан мұсылмандар мәслихатын феминистік жанжалқор FEMEN қозғалысының белсенділері бөліп жіберді, - деп хабарлайды tengrinews.kz порталы NEWSru.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Екі қыз сахнаға шығып, өз әйелдерін ұру құқығы туралы мұсылман уағызшысы Надер әбу Анас лекция оқып жатқанда киімдерін шешіп тастады. Жартылай жалаңаш қыздар микрофонды алып, араб және француз тілінде ұрандата бастады. Мәслихатқа қатысушылар тарқасуға бірден шешім қабылдаған. Басылымның мәліметінше, қыздардың бірі 25 жаста, ал екіншісі 31-де. Олар Тунис пен Алжирдің тумалары, мұсылман отбасында тәрбиеленген.

0 пікір
Мұрағат