Жаһан жаңалықтары: Сенатор президентке не үшін шүйлікті?
|
Техас штатынан сайланған Америка сенаторы әрі АҚШ президенттігіне үміткер Тед Круз АҚШ президенті Барак Обаманың жуырда жасаған мәлімдемесін қатаң сынға алды. Сәл шегініс: Ақ үй қожайыны сенатордың ашу-ызасын тудыратындай қандай мәлімдеме жасап еді? АҚШ президенті ислам дінінің терроризмге еш қатысы жоғын мәлімдеген болатын. «Біз исламмен соғысып жатқан жоқпыз. Біз исламды дінін бұрмалағандармен күресіп жатырмыз»,- деген болатын мәлімдемесінде. Оның бұл мәлімдемесіне билік басындағы исламофобтар өретүргелді. «Мен сұмдық сөз болса да бұған сенбеймін. Президенттің Американы жақсы көретініне сенбеймін»,- деді шала бүлінген сенатор. Бұл жайында Newsweek ақпарат көзі хабар таратты. «Исламды оның дұрыс емес жағын сынау керек еді. Сіз христиандықты оның дұрыс емес элементі үшін сынайсыз, десе де, мен Крест жорығының соншалықты жаман болғанына сенбеймін»,- деді артынша.
ИСЛАМ ҚАРЖЫСЫ БОЙЫНША ШАРИҒАТ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛАДЫ
Марокко билігі елдегі ислами қаржы мекемелерінің жұмысын қадағалайтын, беделді мұсылман ғалымдарынан жасақталатын шариғат кеңесін құруға пәрмен берді. Дәлірегі, Марокко королі осындай жарлыққа қол қойды. Өткен жылдың қараша айында ел парламенті ислами қаржы туралы заң жобасын мақұлдаған болатын. Бұл – ислам қаржысын дамытуға жасалған алғашқы қадам болып саналады, бұл жолғы қадам соның жалғасы іспетті. Айта кетейік, Марокко билігі ұзақ уақыт бойы мұндай қадамға баруға батылы бармаған болатын. Өзге елдер бұдан саяси астар іздей ме деген қауіппен. Аталмыш шариғат кеңесінің құрамына 10 мұсылман ғалымы және 5 қаржы сарапшысы кіретін болады.
Финляндия президенті біржынысты некені заңдастырып берді
Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Финляндия президенті Саули Ниинисте "Неке туралы" жаңа заңға қол қойды. Аталған құжат біржынысты некені қолдауға негізделген. Ол күшіне 2017 жылдың 1 наурызынан бастап енбек.
Бұл ел тарихында тұрғындардың өз бастамасымен қабылданған алғашқы заң жобасы. Финляндияда мұндай бастама көтеру үшін 50 мың адамның қолы керек. Ал, "Неке туралы" заңды қолдап 167 мың адам үн қатыпты. Айта кетейік, 2014 жылдың 12 желтоқсанында ел парламенті біржынысты некені заңдастыруды екінші оқылымнан мақұлдаған болатын. Аталған заңды қабылдауға 101 депутат жақтап дауыс берсе, 90-ы қарсылық танытты.
Башқұрстан «бәріне қарсымын» графасынан бас тартты кирия
Башқұрстан сайлау бюллетініндегі «бәріне қарсымын» графасынан бас тартатын болды. Келесі аптада Құрылтай (парламент) депутаттары алғашқы оқылымда Орталық сайлау комиссиясы енгізген осыған қатысты заң жобасын қарайды. Түзетуге сәйкес үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 13-і күні өтетін сайлауда бюллетенде «бәріне қарсымын» графасы болмайды. Бұл жайында “Коммерсантъ-Уфа” кақпарат көзі хабар таратты. Осы хабарды таратқан аталмыш басылым осы мәселеге қатысты сарапшылардың пікірін білген екен. Олар «бәріне қарсымын» графасын алып тастау қадамын биліктің наразылықтан қорқатындығымен байланыстырып жауап берген.
Қырғызстанда да шариғат шәлісіне қатысты қызу пікірталас өрбіді
2015 жылдың күз мезгілінде Қырғызстанда парламент сайлауы өтеді. Аталмыш сайлаудың қарсаңында кейбір депутаттар көбірек дауыс жинау үшін халықтың көкейінде жүрген тақырыптарды қозғап жатыр. Сондай мәселелердің бірі – шариғат шәлісіне қатысты. Электоратты өз жағына тарту үшін кейбір депутаттар мектеп қабырғасында оқушыларға шариғат шәлісін жамылып жүруге рұқсат беру керектігін алға тартты. Тек алға тартып қана қоймай, Нарын облысындағы Ақ-Талын білім беру мекемесінің меңгерушісін мектеп оқушыларына шариғат шәлісін жамылып жүруге рұқсат бермегені үшін оны қызметінен кетіруді талап етіп отыр. Ал ел президенті Алмазбек Атамбаевтың бұл мәселеге көзқарасы қандай? Ол бір емес, бірнеше рет мұсылман атану үшін киім ауыстырудың қажет еместігін, көркем мінезімен, үлгілі жүріс-тұрысымен, өнегелі іс-әрекетімен таныту керектігін айтқан болатын. «Қасиетті Құранда қандай киімдердің мұсылманға тән немесе тән еместігі туралы ұғым жоқ. Ислам діні таза киінуді талап етеді»,- деген еді Қорғаныс кеңесінің мәжілісінде.