Жаһан жаңалықтары: Йеменде жарты млрд доллар тұратын америкалық қару жоғалды
|
БҰҰ Израилден Палестинаға қатысты бейбіт келіссөзді тоқтатпауды талап етті
Біріккен Ұлттар Ұйымы Израил билігінен Палестина мемлекетін құру жөніндегі бейбіт келіссөзді тоқтатпауды, палестиналықтардың жерін жаулап алу саясатын доғаруды, сондай-ақ, еврей келімсектерін заңсыз қоныстандыруды тоқтатуды талап етті. Израиль тек осы үддеден шыққанда ғана өзінің демократиялық мемлекет екенін дәлелдей алады. БҰҰ бұл мәлімдемесін Израил премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың қайта сайлануына байланысты жасады. Израилдегі парламент сайлауының алдында ел премьері Палестинаны мемлекет ретінде мойындауға ешуақытта жол бермейтінін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, еврей келімсектерін жаулап алынған палестиналықтар территориясына қоныстандыру саясатынын тоқтатпайтынын да жеткізген болатын. Осыыған байланысты Ақ үй әкімшілігі Израил пермьерінің осы сөзінқоғамды жікке бөліп, арандатуға бастайтынын айтып, сынға алған еді. Биньямин Нетаньяхудың “Ликуд” партиясы мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында жеңіске жетсе де осы елдің бірден-бір одақтасы АҚШ ел премьерінің сайлау науқанына көңілі толған жоқ. АҚШ билігі Израилдегі арабтарды шетке ығыстырып, оқшаулауын құптамайдыы.
Йеменде жарты млрд доллар тұратын америкалық қару жоғалды
АҚШ-тың қорғаныс министерлігі Йеменге әскери көмек ретінде жөнелтілген 500 000 000 долларға бағааланған қарудың жоғалғанын мойындады. Сарапшылардың топшылауынша, бұл қымбат қару ирандық шиттер қолдап отырған «әл-Каида» тобының қолына түскен. Washington Post ақпарат көзінің хабарлауынша, осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ конгресінде аталмыш мәселе қарастырылған болатын. Ұштыы-күйлі жоғалған қарулар: CN-235 бір ұшағы, екі Cessna-208 ұшағы, төрт Huey тіұшағы, төрт ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараты, 160 патрулдік Humvee автокөлігі. Сондай-ақ, 1.250.000 дана оқ-дәрі, 300 дана қараңғыда көру құралы, 250 бронежилет, 200 дана Glock тапаншасы, 200 дана М-4 винтовкасы.
Мұсылмандардың сән көрмесі өтеді
Австралияның батысындағы Катаннинг қаласында мұсылмандардың сән көрмесі өтіп жатыр. «Сенім, сән, бірлік» деп аталатын аталмыш шараның мақсаты әурет жерін жауып жүретін мұсылман әйелдердің киіну әдебіне қатысты керітартпа әрі бір жақты көзқарас пен жаңсақ ұғымға тойтарыс беруге саяды. Яғни, мұсылман әйелдердің шариғат шәлісін жамылып, ашық-шашық жүрмейтінін ескіліктің сарқыншағы деп санайтындардың санасына сәуле түсіру үшін осындай жоба қолға алынып отыр. Сән көрмесінде қарапайым, сонымен бірге, аса талғампаздықты паш ететін киім үлгілері жұртшылықтың назарына ұсынылған. Сондай-ақ, бұл көрмеде әйелдер тәжірибе алмасып, өзара ой бөліседі.
Құранды ғылыми зерделеу орталығы құрылады
Бахрейннің министрлер кабинеті қасиетті Құранды зерделеу әрі осы саланың мамандарын даярлау жөнінде ғылыми орталық құруға пәрмен берді. Аталмыш жобаға мемлекет қазынасынан қаржы бөлінеді. Бұл іске Жоғарғы ислам кеңесінің өзі бас-көз болады. Осыған байланысты өткен баспасөз мәслихатында үкіметтің ресми өкілі Иса әл-Хаммадидің айтуынша, бұл орталықта тек ел азаматтары ғана емес, сонымен қатар, шетелдік азаматтар да білімін жетілдіре алады.