Жаһан жаңалықтары: Басына 5 000 000 доллар тігілген лаңкестің көзі жойылды
Жаһан жаңалықтары: Басына 5 000 000 доллар тігілген лаңкестің көзі жойылды
10 жыл бұрын 3881

 

АҚШ-тың федералды тергеу бюросының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген және оны тапқан адамға 5 000 000 доллар сыйақы тағайындалған Зулкифли бин Хира (Zulkifli bin Hir) есімді лаңкестің көзі Филиппинде жойылғанын хабарлады. Яғни, полиция рейді кезінде көзге түсіп қалған лаңкес бұл жолы қауіпсіздік қызметкерлерінің құрығынан құтылып кете алмаған. Зулкифли бин Хира 1966 жылы Малайзияда туған. АҚШ-та инженер мамандығы бойынша білім алған. Оны «Малайзияның Кумпулун мұджаһидин» террористіік тобының жетекшісі санайды. Ол «Ислам жамағаты» ұйымының орталық командованиесінің мүшесі. 2003 жылдың тамыз айынан бері Филиппинде болған, кейбір ақпарат көздеріне қарағанда Әбу Сайаф радикалды тобының мүшелерін бомба жасауға үйреткен. Сөз реті келгенде айта кетейік, «Ислам жамағаты» – «әл-Каиданың» бір бұтағы. Бұл ұйым Филлиппиндегі терактілердің көбісіне жауапты.

 

Ресейліктер дін, апат, адамның сыртқы келбеті және ауру жайында әзілдеуге қарсы

Ресейліктердің дені адамның көңіліне келетін, жанын жаралайтын тақырыптарды әәзілге айналдыруға қарсы екенін жеткізген. Мәселен, соғыс тақырыбында әзілдеуге респонденттердің 63%-ы қарсы шықса, 58 пайызы геноцид (қасақана жаппай қырып-жою), індет және теракті тақырыбында қалжыңға орын жоқ деп есептейді, ал 57%-ы діни құндылықтарды күлкіге айналдырмау керек деп санайды. Бұл жайында "Интерфакс» ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, әлеуметтанушылардың осы сауалнамасына қатысқандардың 61%-ы жақын адамның басындағы қасіретті, 56%-ы адамның сырт келбеті мен ауру тақырыбын, 44%-ы ұлттық айырмашылықты әзілге айналдыруды орынсыз санайды. Аталмыш сауалнама үстіміздегі жылдың наурыз айының 21-22 күндері аралығында жүргізілген, Ресей Федерациясының 46 аймағындағы 132 елді-мекенді, 1600 адамды қамтыған болатын. Сауалнамаға қаатысқандаардың әрбір төртіншісі, яғни, 25%-ы саясатты, үкіметті және президентті күлкіге айналдырмау керек деп пайымдаса, 22%-ы елдің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін қылжақтауға болмайды деп есептейді.

 

«Каннибал-полицейге» үкім шықты

Германияда бұрынғы шенді полиция қызметкері каннибализмге (адам етін жейтіндерге) қатысты ғаламтор форумында танысқан адамның өліміне кінәлі деп танылды.


Дрезден қаласының соты 56 жастағы Детлев Гюнцелді сегіз жарым жылға бас бостандығынан айырды. 2013 жылдың қараша айында 59 жастағы тегі поляк Ганновер бизнесмені Войцех Стемпнивицті буындырып өлтіріп, артынан жансыз денесін бөлшектеп тастағаны үшін. Кісі өлімі немістердің Хартмансдорф-Райхенау шағын қаласында Детлев Гюнцелдің үйіінде орын алған. Ол бұл үйін пансион ретінде жалға берген болатын. Десе де, прокурор оның өзі өлтірген адамның етін жегенін дәлелдей алмады. Алайда, оны жеу үшін өлтіргенін алға тартып отыр.
Тергеу жазбасында не айтылған? Ал Детлев Гюнцел өөзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша, танысы өз-өзіне қол жұмсаған. Тарқатып айтқанда, Гюнцел мен Стемпнивиц 2013 жылдың қазан айында «экзотикалыық ет бойынша №1 сайт» деп аталатын, 3 мыңнан аса адам тіркелген вебсайт арқылы танысқан екен. 30 жыл бойы табан аудармай полицияда жұмыс істеген Детлев Гюнцел бастапқыда танысының аалдымен тамағынан орып жібергенін мойындаған көрінеді, алайда, артынан бұл сөзін жоққа шығарған болатын. Тергеушілер кісі қолынаан қаза тапқан адамның өліміне не себеп болғанын ақыры анықтай алмаған. Десе де, тергеушілер оның 2013 жылдың қараша айының 4-і күніне дейін ғаламтор арқылы өзінің құрбандығымен талай рет хат алмасқанын және телефонмен тілдескенін анықтап білді. Заттай айғақ ретінде келтірілген видеода оның үстіне қан шашырағанын және жансыз денені пышақпен бөлшектеп жатқанын, сондай-ақ, «Осыншалықты құлдыраймын деп ешуақытта ойламаппын»,- деп күбірлегенін байқауға болады. Мұндай жағдай 2001 жылы Германияның Ротенбург-на-Фульде қаласында да орын алған болатын. Бірақ, сәл басқаша сценари бойынша өрбіген. Жергілікті тұрғын Армин Майвес берлиндік Юрген Брандесті оның өз қалауы бойынша өлтіріп, етін жеген болатын.

 

Тамақ үшін тағаты жетпеген жолаушы стюардессаны ұрып тастады

EasyJet әуе компаниясының жолаушысы ұшақ бортында берілетін тағамды кешіктіріп, ұзақ уақыт күттіргені үшін стюардессаны ұрып тастады. Осы оқыс оқиғаға байланысты Женевадан Приштин қаласына бет алған ұшақ Рим әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ер адам стюардессаға: «Бірнеше сағат әлі күтіп отырмын. Мен ашпын!» деп дауыс көтеріп, жұдырықтың астына алған. Стюардесса құласа да оны ұруын тоқтатпаған. Өзге жолаушылар арашаға түспегенде байғұс қыздың халі нешік болар еді? Италия астанасында ұшақ бортында ашуға ерікберген жолаушы дереу тұтқындалды. Ал стюардессаға медициналық көмек көрсетілді. Аталмыш әуе ккомпаниясының баспасөз хатшысы болған жайды растады. Сондай-ақ, ол ұшақ бортында 180 жолаушының болғанын жеткізді. Олар сол күні Приштингее жеткізілді.

 

Дінаралық араздыққа бастайтын арандатушы тезис

10-11 сынып оқушыларына арналған жағрафия оқулығының авторы Владимир Максаковский оқулықта әлемдік діндер жайында айтып келе жатып, ислам мен экстремизмді салғастырып көрген. Ресей Федерациясының білім беру және ғылым министрлігі ұсынған, «Просвещение» баспа үйінде дайындалған оқулықтағы осынау өрескел қателікті аталмыш кітапты сатып алған Мәскеу қаласының тұрғыны байқаған. Оқулық авторының айтуынша, «азаматтық қоғамды алмастырғысы келетін ислам экстремизмі» – көптеген дүниежүзілік соғысқа себеп болған. «Кейінгі кезде әлемнің дамуына ислам факторы көп ықпалын тигіізе бастады. Арабтардың «ислам» сөзі тура мағынасында «бейбітшілікті» білдіреді. Алайда, аса күрделі саяси әрі діни жанжалдар осы дінмен байланысты орын алып отыр», - деп нақты дәлел-дәйексіз беталбаты лаққан. Владимир Максаковскидің үстіміздегі жылдың қаңтар айының 15-і күні 91 жасында өмірден озғанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат