Жаһан: Бір қыз өзінен аумайтын бойжеткенді ғаламтордан тауып алды
Жаһан: Бір қыз өзінен аумайтын бойжеткенді ғаламтордан тауып алды
10 жыл бұрын 4159

Ирландия тұрғыны Нимф Джини әлеуметтік желілер арқылы өзінен аумайтын бойжеткенді тауып алды, ол оның егізі сияқты. Бұл жайында The Daily Mail. Нимфке ұқсайтын Карэн Брэнниган оған жақын жерде тұрады екен. Осыған дейін олар таныс болмаған.

Олар Twin Strangers ("Таныс емес егіздер") жобасы арқылы кездесті. Онда Нимф пен оның екі досы қатысып жатыр. Олар 28 күн ішінде өздеріне ұқсайтын адамды табуы керек. Нимф іздеуді тоқтатты. Бойжеткен өзіне ұқсайтын қызды тапқанда қатты таңғалғанын жасырмады. "Кездесуіміз бойында мен ештеңе айта алмадым, оған қарап қана отырдым. Таңғалатын жағдай", - деді Джини. Екеуінің де ағалары мен қарындастары бар, бірақ олар бір-біріне ұқсамайды екен. Нимфтің серіктері 2015 жылдың 27-сәуіріне дейін сыңарларын табуы тиіс. Жігіттер ер адамдар арасында ұқсас адамдарды табудың қиын екенін атап өтті. Іздеуге әлеуметтік желідегі ресми тобы арқылы қосылуға болады.

 

Франциядағы жол-көлік оқиғасынан миллионнан астам ара өз балына тұншығып өлді

Франциядағы көлік апатынан миллионнан астам ара өлген. Бұл жайында Tengrinews.kz ақпарат көзі The Telegraph басылымына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Басылымның мәліметінше, олардың көбі өздерінің балына тұншығып өлген.

Оқиға Францияның оңтүстігіндегі Соснак коммунасына жақын жерде болды. 72 жәшік араларды балымен алып кетіп бара жатқан фургон басқа көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ағаш жәшіктер сынып, аралардың көбі тұншығып өлді. Сонымен қатар, жүз мыңнан астам тірі қалған ара көмекке келген құтқарушыларға шабуыл жасады. Жүргізуші аздаған жарақат алып, аралардан құтылу үшін оқиға орнынан қашып кетті.

Аралар мен балдың иесі сынған фургон мен жоспарланған пайдадан бөлек 7 мың еуро шығынға ұшырағанын айтты. 

0 пікір
Мұрағат