|
Жаһан: 8 МЛН СИРИЯЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМ КӨМЕККЕ ЗӘРУ (ВИДЕО)
|
Бұл жайында «E-ISLAM» ақпарат көзі хабар таратты. Сирияның 8 млн-нан астам балалары гуманитарлық көмекке мұқтаж. Бұл мәліметті Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры ЮНИСЕФ пен БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттігі келтірген деректер растап отыр.
Бүгінгі күні Сирияда қауіпсіз жер атымен қалмады. Бұл елден күніне 700-ге жуық жасөспірім атамекенін Еуропаға айырбастауға мәжбүр болып, бас сауғалап қашуда. Қараша айында Еуропа шекарасын қиған әрбір үшінші босқын – кәмелетке толмағаны анықталды.
Мәскеулік ата-ана жаңа туған қызына “Сирия” деп ат қойған
Биылғы қараша айында Мәскеуде «Сирия» деген есім берілген қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы "nur.kz" порталы "ras.kz" сайтына, ал бұл сайт өз кезегінде «Москва» қалалық жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып хабар таратты.
«Қаладағы АХАЖ аудандық басқармаларының бірінің мәліметі бойынша, 2015 жылғы қараша айының үшінші он күндігінде ел орталығында Сирия деген жаңа есім тіркелді. Әкесі Таяу Шығыстағы елдердің бірінде қызметтік іссапармен жүргенде туылған қыз балаға осындай ат берілді», – деді дереккөз.
Аталмыш орталық өкілінің айтуынша, қалалықтар арасында есім ретінде географиялық атауды алғандар бұрын да болған. Осылайша бүгінде Мәскеуде туып, өмір сүріп жатқан Россия, Византия, Индия, Россияна, Челси атты қыздар бар. Ал ұл балалар арасында Максим-Москва, Николай-Никита-Нил, Архип-Урал, Севастополь, Монино-Никита деген есімдер кездесіп қалады.