|
Сауд Арабиясында туннельдегі көліктер топан судың астында қалды (видео)
|
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта шелектеп құйған жауыннан автокөлік туннелі топан судың астында қалды, деп хабарлайды «bnews.kz» порталы «theguardian» ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Туннельде тұрған көліктер толығымен лай судың астына кеткен. Мұны қызық көрген жергілікті тұрғындар бірінен-бірі қалыспай, ұялы телефондарының камераларына түсіріп әлек. Қазір оқиға орнына арнайы техникалар тартылып, су сору жұмыстары жүргізілуде.
БАҚ мәліметінше, табиғи апат бір адамның өмірін қиған, осыған байланысты жергілікті билік жолды уақытша жаба тұруға бел байлады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді