Жаһан: 12 жасар босқын қыз Ираннан Грекияға жалғыз келген
Жаһан: 12 жасар босқын қыз Ираннан Грекияға жалғыз келген
10 жыл бұрын 4049

Иранның Атафе есімді 12 жасар жеткіншек қызы Грекияға дейін жалғыз келген. Ол ел билігінің қатаң режимін ұнатпағандықтан үйінен қашып кеткен деп хабарлайды Baq.kz BBC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

«Мен өз болашағымды көз алдыма елестеттім: мектепте жұрт қатарлы оқи алмасам, жоғары оқу орнына түсе алмасам - оның қай жері адамдық? Білім ала алмасақ біз жануардан да әріміз" дейді кішкентай қыз өзінің әрекетін түсіндірмек болып.

BBC News Мэттью Прайспен сұхбаттасқан қыз өзінің ағылшын тілінде еркін сөйлейтінін көрсеткен және ирандық өзге босқындарға тілмаш болып көмектескен. Ал, журналист оның жасын және жалғыз келгенін естігенде қатты таңырқады.

Айта кетейік, Иранда Ауғанстаннан қашып келген 3 миллиондай босқын бар. Олар шекараны заңсыз кесіп өткендер. 

 

Ресейлік әйел 29 жасында әже атанды 

Нижегород облысының тұрғыны Наталья Князькова 29 жасында Ресейдің ең жас әжесі атанды, деп жазады «Российская газета». Әйелдің 14 жасар қызы дүниеге ұл бала әкелген, таяуда жас ана мен бала Бор қаласының перзентханасынан шығарылды, деп атап өтеді ҚазАқпарат.

«Волга» телекомпаниясына берген сұхбатында Наталья қызының жақын арада босанатыны туралы хабар оны таңғалдырмағанын баяндады. Өзі де қызын 14 жасында дүниеге әкелген. Жұбайы Александрмен бірге 15 жыл тұрып жатыр, олардың төрт қызы бар, ең кішісі - 2 жаста.

«Өзінің артында өсіп келе жатқан үш сіңілісі бар, оларды бағып-қағуға көмектескен. Бала өсіруде тәжірибесі көп», - деп қызының ана бола алатынына сенім білдірді жас әже.

Өз кезегінде Натальяның жұбайы 34 жасында ата атанғанына әлі үйренуге тура келетінін айтты.

Нәрестенің 17 жастағы әкесінің отбасын асырай аламын деп сендіргеніне қарамастан, жас ананың әке-шешесі қыздарына кәмелеттік жасқа толғанша өздері қарайтындарын айтты - балаға қараудан бөлек, ол мектептегі оқуын жалғастыруы керек.

Ресейдегі ең жас әженің немересі дүниеге дені сау болып келді - оның бойы 51 сантиметр, салмағы - 3,5 келідей. 

0 пікір
Мұрағат