Израилдің қару саудасы рекордтық деңгейге жетті
Израилдің қару саудасы рекордтық деңгейге жетті
3 жыл бұрын 1737 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2021 жылы Израил 11,3 млрд долларға қару-жарақ сатқан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Израилдің қорғаныс министрлігіне жөн сілтеген ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Израил өткен жылы оның алдындағы 2020 жылмен салыстырғанда 3 млрд доллар артық табыс тапқан қару сатудан. Яғни, 2021 жылы қару-жарақ  саудасына қатысты келісім 2020 жылмен салыстырғанда 30%-дан асқан. 2021 жылы Израил негізінен зымырандарды, реактивті снарядты, әуе қорғаныс жүйесін, беспилотниктерді, радарларды, авиониканы, оптоэлектрониканы, БТР, кибержүйені, барлау құралдарын, т.б. қару түрлері мен арсеналын экспорттаған. Израилдің қорғаныс саласы экспортының 34%-ы Азия-Тынық мұхиты аймағына, 41%-ы кәрі құрлыққа, 12%-ы Солтүстік Америкаға, 3%-ы Африка елдеріне, 3%-ы Латын Америкасына бағытталған. Бұдан бөлек, израилдік қару-жарақтың 7%-ы өткен жылы араб елдеріне экспортталған. Ал соңғы жылдары қорғаныс саласына басымдық беріп келе жатқан Түркия бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеткен: 2021 жылы Түркия қару экспортынан 3,22 млрд доллар табыс тапқан. Соңғы 15 жылда аталған елдің қару экспорты 7 есеге артқан екен. Түркияның қару экспорты Вayraktar ұшқышсыз ұшатын, соққы беруші, барлаушы аппаратының есебінен артып отыр. Негізі Түркияның беспилотниктерін әлемнің 16 елі сатып алады. Ал бұдан бөлек, өзге қару түрлерін әлемнің 169 елі импорттап отыр: әуе көлік құралдары, әскери-теңіз платформасы, тікұшақ,  т.б. Керісінше Ресейдің қару экспорты осымен үшінші жыл қатарынан құлдырап барады. Салыстыру үшін алсақ: 2019 –28,2 млрд доллар табыс тапса, бұл көрсеткіш 2020 жылы 26,4 млрд долларды құрады, яғни, арасы бір жыл ішінде қару экспортынан түсетін табысы 6,5 пайызға дейін төмендеген. Стокголмдегі әлем прроблемаларын зерттеумен айналысатын халықаралық институттың (SIPRI) болжамы бойынша Ресейдің қару-жарақ экспорты тағы бірнеше жыл қатарынан кемитін болады.

Ұқсас материалдар: 

"Түркия алғаш рет отандық тікұшағының алғашқы партиясын шетелге сатты" (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-algash-ret-otandyq-tikushagynyn-algashqy-partiyasyn-shetelge-satty-video-16592/#gsc.tab=0);

"Соңғы бірер жылдағы қару-жарақ нарығындағы өзгерістер" (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-birer-jyldagy-qaru-jaraq-narygyndagy-ozgerister-16559/#gsc.tab=0);

"Әлемдік қару-жарақ нарығы туралы аз-кем дерек (SIPRI мәліметі негізінде)" (https://islam.kz/kk/news/alem/alemdik-qaru-jaraq-narygy-turaly-az-kem-derek-sipri-malimeti-negizinde-16141/#gsc.tab=0);

«Соңғы 5 жылда әлемдік қару-жарақ саудасы 8%-ға өскен...» (https://islam.kz/kk/news/alem/songy-5-jylda-alemdik-qaru-jaraq-saudasy-8-ga-osken-11600/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат