Израилдің "күйрейтінін" санайтын сағат тоқтап қалды
Израилдің "күйрейтінін" санайтын сағат тоқтап қалды
3 жыл бұрын 3309 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израил "күйрейтін" уақытқа дейін жүретін Ирандағы сағат тоқтап қалды. Елде электр энергиясы ажыратылғаннан. Мұны изарилдік саясаткерлер күлкіге айналдырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Al-Monitor ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тұтас бір мемлекеттің "тағдырын шешуі тиіс" таймерлі сағат 2017 жылы іске қосылған болатын. Ол 2040 жылға дейін кері санауды көрсетіп тұрған. Дәл осы 2040 жылы Израил жер бетінен мемлекет ретінде жойылуы тиіс болатын. Аятолла Әлі Хаменейдің болжамы бойынша. Осы оқиғаға байланысты Израилдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы бұрынғы елшісі Дэнни Данон Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында парсыларды ядролық қару жасағанша жаңығртпалы энергия көзін дамытуға ден қойғаны дұрыс еді, деп мысқылдапты. Электрдің сөніп қалғанын меңзеп. 

0 пікір
Мұрағат