Израилдіктердің өздері өз елін апартеидтік режимдегі ел ретінде мойындады
Израилдіктердің өздері өз елін апартеидтік режимдегі ел ретінде мойындады
4 жыл бұрын 2797 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдің Бецелем коммерциялық емес  ұйымы Израилді апартеидтік режимдегі ел деп жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған құқық қорғау ұйымы Израил билігінің палестиналықтарға қарсы жүргізіп отырған саясатына осындай баға беріп отыр. Палестин халқының Израил билігінің басқыншы саясатынан қуғын-сүргін көріп отырғанын, сол себепті, Израилдің демократиялық емес, апартеидтік режим орнаған ел ретінде алға шыққанын атап өтіпті.  Аталған ұйым баяндамасында еврей келімсектерінің палестиналықтардың жеріне заңсыз қоныс аударып, Израилге еврей еместерге иммиграциялауға тыйым салынғанын сынға алған. Осындай себептерге байланысты Бецелем ұйымы әлем қауымдастығын Израил билігіне қысым көрсетуге шақырған. Израилдің сыртқы істер министрлігі Бецелемнің бұл мәлімдемесіне наразылық білдіріп отыр. Бецелем ұйымы Израилдегі, сондай-ақ, Иордан өзенінің  батыс жағалауындағы, дәлірегі, Құдыстағы, Газа секторындағы, Голан жотасындағы адам құқығының бұзылу фактілерін жинаумен айналысады. Аталған ұйым 1989 ылы израилдік қоғам қайраткерлерінің ықпалымен құрылған.

0 пікір
Мұрағат