Израилдіктер непалдық әйелдерді инкубатор ретінде пайдаланған
Израилдіктер непалдық әйелдерді инкубатор ретінде пайдаланған
9 жыл бұрын 3920

Соңғы мәлімет бойынша 5 мыңнан аса адамның өмірін жалмаған Непалдағы жойқын зілзала талай шындықтың бетін ашып, талай сұмдықты әшкере етіп жатыр. Солардың біреуі Израилге қатысты. Бұл жайында америкалық Time басылымы хабар таратты. Атламшы дау-дамайға Израилдің тұрмысы төмен әйелдерді инкубатор ретінде пайдаланып, артынан оларды адам құрлы көрмегені түрткі болған. Нақтырақ айтқанда, жергілікті тұрғындар көтерген тегі израилдік 15 баланы Израилге әкетпек болғаны және оларды тапқан аналарды ұшаққа отырғызбағаны әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын шулатты. Бұл арада сөз израилдік тектен тарайтын, алайда, непалдық әйелдер белгілі бір ақыға көтеріп, дүниеге әкелген балалар турасында болып отыр. Израилдік қызтекелердің ұрпағы болып табылатын бұл балаларды өздерін өмірге әкелген аналарынан айырып, Израилге әкетпек болғаны былайғы уақытта «суррагаттық анаға» көз жұмып қарайтындардың ашу-ызасын тудырған. Сөз реті келгенде айта кетейік, АҚШ-та әлемдік діндердің ешбірінде құпталмайтын мұндай қызмет көрсету ақысы Непалдағыға қарағанда бес есе қымбатқа түседі. Еуроодаққа мүше және Азияның бірқатар елдерінде мұндай қызметке заң жүзінде тыйым салынған. Израилдің бұл қадамы израилдік көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарын да бей-жай қалдырған жоқ. Осы дау-дамайға байланысты жазушы А. Грин Израилдегі танымал «Гарец» басылымына берген сұхбатында: «Олардың анасын шетке қағып, балаларына ғана қамқорлық көрсеткені қай сасқаны? Олар ақшаның жетіспеушіліген бала көтеруге келісімдерін берді», - деді. 

0 пікір
Мұрағат