|
400 сүңгуір Қызыл теңізді тазартады
|
Үстіміздегі жылдың маусым айының 4-6 күндері Мысырдың Хургада шипажайында әлемнің әр түкпірінен келетін 400 сүңгуір (суға сүңгішулер) Қызыл теңізді тазарту жұмысына атсалысады. Қоршаған ортаны қорғауда экологиялық маңызы зор осынау шара барысында олар теңіздің бетінде қалқып жүрген қоқыстарды ғана емес, сонымен қатар, теңіз түбіндегі қоқыстарды жағалауға алып шығады. Бұл қоқыс демалуға келген жергілікті тұрғындар мен туристерден қалған болатын. Аталмыш акцияға Мысырдың туризм министрлігі ұйытқы болады. Өткен жылы да тура осындай шара Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен еді. Ол кезде әлемнің әр түкпірінен келген 300 сүңгуір Парсы шығанағын қоқыстан тазартқан болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді