Израилдік барлаушылардың өзі соғыстан жалыққанын мәлімдеді
Израилдік барлаушылардың өзі соғыстан жалыққанын мәлімдеді
10 жыл бұрын 3478

Израилдегі бұқаралық ақпарат құралдарында елді шулатқан мақала жарияланды. Израиль әскерінің “8200” барлаушы тобының (АМАН) төңірегінде өрбіген бұл дау-дамай әлем жұртшылығын да бей-жай қалдырмады. Осы арада айта кету керек, біз сөз етіп отырған Израилдің әскери барлау қызметі 1948 жылы құрылған элиталық әскери бөлімше болып табылады. Аталмыш бөлімше барлау ақпараттарын ел билігіне ұсынады. АМАН-ның қызметі тек Израиль аумағында ғана шектеліп қалмайды, сонымен қатар, бүкіл Таяу Шығыстан ақпарат жинаумен шұғылданады.Бұл жайында әлемге әйгілі «Би-би-си» ақпарат көзі хабар таратты. Даудан басы неден тұталып еді? Ондағы ондаған қызметкер одан ары қызмет етуден бас тартқан. Дәлірегі, АМАН-ның 43 қызметкері, олардың арасында шенді әскерилер де бар, Палестина халқын қан қақсатып, жаулап алуды алдына мақсат етіп қойған Израиль билігінің қолшоқпары болудан жалыққандарын, тіпті, мезі болғандарын білдіріп, хат жазған екен. Бұған қоса, израилдік барлаушылар қажетті ақпараттарға қалай қол жеткізгендерін де жасырмай жайып салған көрінеді. Нақтырақ айтқанда, адамның жеке басының құқығына қол сұғып, палестиналық бейбіт тұрғындардың телефон әңгімелерінен тың тыңдағандарын да жеткізген. Олардың хатын әркім әрқалай қабылдады. Билік басындағы партия және оппозиция өкілдері барлаушылардың бұл әрекетін арандатуға бастайды деп, оларды ел арасына жік тастайтын бүлікшілердің санатына жатқызды. Ал ерін бауырына алып тулаған қорғаныс министрі Моше Яалон өзінің арнайы мәлімдемесінде де барлаушылардың мұндай қадамы Израилдің ішкі және сыртқы саясатына орасан зиян келтіретінін алға ратқан.

0 пікір
Мұрағат