Израилді сынға алғаны үшін таяқ жеді
Израилді сынға алғаны үшін таяқ жеді
10 жыл бұрын 3394

Лондон шаһарында солшыл Respect партиясының жетекшісі әрі депутат Джордж Геллувей Изарил билігін палестиналықтарға көрсеткен зорлық-зомбылығы үшін сынаймын деп, таяққа жығылды. Халық қалаулысының қабырғасы сынып, ауруханаға түсті. Ол Израил билігінің палестиналықтарға қатысты саясатына «геноцид» деген баға беріп, Израилде өндірілетін тауарларға эмбарго және осы елге әлем тарапынан байкот жариялауға үндеді. Сондай-ақ, Ұлыбритания азаматтарының Израилге баруына және Израилдік туристерді Ұлыбритания аумағына кіргізбеуге шақырды. Оның бұл мәлімдемесіне тұманды Альбиондағы жөйт диаспорасы өретүрегеліп, ел елеулісін нәсілшілдік кемсітушілікке жол берді және антисемиттік идеяны насихаттады деп айыптады. Тек айыптап қана қоймай, депутатты қара күшпен жуасытпақ болған.  Полиция қызметкерлері депутатты сабап кеткендерді қолға түсірді.

0 пікір
Мұрағат