Израил мешітке әуеден соққы жасады. Қаза болғандар арасында 6 бала бар (фото. 18+)
Израил мешітке әуеден соққы жасады. Қаза болғандар арасында 6 бала бар (фото. 18+)
2 жыл бұрын 1313 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдің әскери әуе күштері Газа секторына әуеден соққы жасады. Осы шабуылдың салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапқан. Дәлірегі, Жабалидегі мешіт үйіндісі астынан 15 адамның мәйіті шыққан, олардың алтауы- балалар. Бұдан бөлек, азаматтық нысандарды нысанаға алған израилдік шабуылдан қаза тапқандар арасында әйелдер мен қарттар да бар. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шабуылдаушы тарап мешітте содырлар жасырынған деп ақталды. Ол ол ма, аталған мешітке содырлардың өздері шабул жасады деп жала жапты: содырлардың Израилге атқан зымыранның ақауы болып, мешітке құлаған. Кейін бұл нұсқаны бақылаушылар жоққа шығарды. Олардың айтуынша, «Ислам жиһады» (Қазақстанда насихты мен қызметіне тыйым салынған – ред.) тобының адамдары Израилді нысанаға алғанын әрі олардың зымыранды Израилмен арадағы шекара маңынан ғана жібергенін анықтады. Тамыз айының 5-і күні Израил тарапы «Таң шапағы» деп аталатын әскери операция аясында Газа секторына шабуылды бастады. Газа  секторының денсаулық сақтау министрлігі осы шабулдан 29 адамның қаза тауып, 253 адамның әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жария етті. The Jerusalem Post дерек көзінің мәліметінше, тамыздың 7-і күні Израил билігі «Ислам жиһадымен» атысты тоқтату туралы бітімге келгенін растады.


 

0 пікір
Мұрағат