Израил әскері Газа секторына басып кірді
Израил әскері Газа секторына басып кірді
11 жыл бұрын 3866

Израилдің бронетехникасы мен бульдозерлері кеше Газа секторының оңтүстігіндегі шекара сызығын кесіп өтті.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, палестиналықтарға тиесілі Хан-Юнис пен Хузаадан шығысқа қарай созылып жатқан жер телімдерін «тазалау» үшін жеті бульдозер баса-көктеп кірген. Израил билігі бұл жолы да қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Бақайшағына дейін қаруланған Израил сарбаздары 500-ден 1500 шақырымға дейін, яғни, Газа секторының сонау түкпіріне дейін созылып жатқан «буферлік аймақ» деп аталатын аймақта тұр. Аталмыш аймаққа палестиналықтарды, әсіресе, жер емген дихандарға оқ жаудырып, аттап бастырмайды.

2010 жылы белгіленген буферлік аймақта Газа секторы территориясының 17 пайызы және егін шаруашылығына жарамды алқаптың 35 пайызы қалып қойған. Бұл өз кезегінде Газа секторының 100 мыңнан аса тұрғынының тұрмыс-тіршілігіне теріс әсер етуде.

1 пікір
Мұрағат