Чехияда мұсылмандарды жазықсыз тұтқындады
Чехияда мұсылмандарды жазықсыз тұтқындады
11 жыл бұрын 3535

Чехия полициясы Прага мешітінде өткен жұма күні рейд жүргізіп, ондаған адамды тұтқындап әкетті. Күштік құрылым қызметкерлері жұма намазы кезінде мешітке баса-көктеп кірген.

Иммигранттардың құқығын қорғаумен айналысатын заңгер Леонид Кушнаренко де олардың бассыздығына куә болғанын айтады: «Жұма намазына келген едім. Азан шақырылғаннан кейін тапаншаның үңірейген оқпанын көріп: «Бәрің де етпеттеріңнен жатыңдар» деген әмірлі дауысты естідім. Жамағаттың арасынан жүрегі қысылған адамға жедел жәрдем шақырып жатты... Ғибадат ғимаратының ішінде 100-ден аса адам бар еді»,- деп еске алды ол сол күнгі сұмдықты.

Жұма намазына қатысқан Индонезия елшілігінің қызметкері Чехияның Сыртқы істер министрлігіне рейдті ұйымдастырғандардың үстінен шағым түсірді. Бұл бассыздыққа жөйттердің Shekel.cz веб-порталының бұрынғы редакторының мәлімдемесі түрткі болған. Ол ислам орталығында басылып шыққан «Бір құдайға сиыну – ислам тұжырымдамасы» деген кітапқа сілтеме жасап: «Антисемитизмді насихаттады» деген жалаға толы мәлімдеме жасаған. 

0 пікір
Мұрағат