Израил арманы орындалатын күн алыс емес
|
АҚШ сенаты Израилдегі америкалықтардың елшісі отыратын кеңсені ел астанасы - Тель-Авив қаласынан қасиетті саналатын Құдыс шаһарына ауыстыруға үндейтін "Құдыстың қосылғанына 50 жылды мерекелеу туралы" қарарды көпшілік дауыспен қабылдап тастады. Аталған құжатта, сондай-ақ, палестина-израил дағдарысын "екі мемлекет" принципі негізінде реттеу мәселесі қарастырылған. Десе де бұл құжатта палестиналықтар мен еврейлердің таласына айналған Құдыс қаласының түпкілікті мәртебесін тек палестиналықтар мен еврейлер өзара мәмілемен шеше алатынын баса айтылған. Сыртқы күштердің араласпайды. Үшінші күштер араласпайды дегенмен, америкалық сенаторларлың Құдыс шаһарына елшісін ауыстыруы арқылы кімдерге бүйрегі бұратынын аңғартқандай болды. Естеріңізге тағы бір мәрте сала кеткенді жөн көріп отырмыз, 1967 жылы Израил соғыс ашып, Құдыстың шығыс жақ бөлігін қол астына қаратып алған еді. Соден бері израилдіктер бұл қаланы басы бүтін өздерінікі санап келеді.