|
ИЫҰ Африка мұсылмандарына қол ұшын созды
|
Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) гуманитарлық мәселелермен айналысатын өкілдері өткен аптада Чад, Оңтүстік Африка Республикасы және Камерун мемлекеттеріндегі босқындардың қиын жағдайын зерделеп қайтты. ИЫҰ өкілдері бір ғана Камерун елінде Орталық Африка Республикасындағы қанды қақтығыстан бас сауғалаған 150 мыңға жуық мұсылманның жүргенін анықтады. Алдағы уақытта ИЫҰ тарапынан зардап шеккен, жәбір көрген мұсылмандарға материалдық көмек көрсетілетін болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады