|
«Боко Харам» содырлары тағы қан төкті
|
Нигерияның Борно штатындағы деревняда жуырда Біріккен Ұлттар Ұйымы радикалды ұйымдардың қатарына жатқызған «Боко Харам» содырлары ондаған бейбіт тұрғынды жайратып тастады. Осынау сұмдықтан аман қалған куәгердің сөзіне қарағанда, әскери киім киген әлдебір ер адам деревня адамдарына шіркеуге жиналуға әмір берген. Жиналған жұртқа оқ жаудырғанда ғана жергілікті тұрғындар олардың кім екенін аңғарған. Тек осы деревняның адамдарын ғана емес, осындай бес елдімекеннің тұрғындарына оқ жаудырып, үйлерін өртеп кеткен.
«Боко Харам» содырлары әлі күнге дейін сәуір айында мектептен ұрлап әкеткен екі жүзден аса оқушыны босатқан емес.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады