Иудейлер әйел құқығын шектеп отыр
|
Өздеріңіз білетіндей, «әйелдерге құрметпен қарамайды, құқығын бұзады» деп мұсылмандар атына жиі сын айтылып жататынын жақсы білесіздер. Бұл жала болса да мұндай негізсіз сындар легі толастаған емес. Енді қараңыздар, иудейлердің әйелдерге деген қатынасын. "Behadrey Haredim» және "Yom Leyom» деп аталатын екі бірдей ультраортодаксалды иудей ақпарат агенттігі жуырда жасақталған Израил министрлер кабинеті туралы мақала жариялады. Әлбетте, фото-суретін қоса берді. Үкімет құрамындағы әйелдердің бейнесін компьютерлік бағдарламаның көмегімен өшіріп тастаған. Нақтырақ айтқанда, спорт және мәдениет министрі Мири Регевтің, әділет министрі Айелет Шакедтің және аға ұрпақ істері жөніндегі Гила Гамлиелдің бейнесі өшірілген. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат агенттігі хабар таратты.