Ит пен мысық мәртебесі балалар құқығымен теңестіріледі
Ит пен мысық мәртебесі балалар құқығымен теңестіріледі
5 жыл бұрын 2685 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Италияда заң және әділ сот жөніндегі парламенттік комиссия ит пен мысықты «зат немесе бұйым емес, тіршілік иесі» ретінде нақты бір құқықтармен қорғау көзделген заң жобасын қарастыратын болды. Тиісті бастаманы демократиялық партия атынан сайланған депутат әйелдер көтерген болатын. Бұл жайында Notizie Virgilio ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш құжат авторлары ит пен мысыққа «сезімі бар тіршілік иесі» мәртебесін беруді көздейді. Егер аталмыш заң жобасы қабылданса, ит пен мысық балаларға тән құқыққа ие болады. Мәселен, ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда ит пен мысықты олардың қайсысына беретінін сот шешетін болады. Сондай-ақ, қожайынына ит пен мысықты ұзақ уақытқа қараусыз қалдырып кетуге тыйым салынады. Қожайыны бақилық болған жағдайда туыстары ит пен мысықты асырап алуға міндеттеледі. Егер қожайыны қайтыс болған ит пен мысықты қандай да бір себептермен, мәселен, ит пен мысыққа аллергиясы болғандықтан, т.б. асырап алудан бас тартса, ит пен мысық үйсіз-күйсіз жануарларды паналататын орынға табысталады. Егер аталмыш норма азаматтық кодекске енгізілсе, қожайыны аталмыш заң талаптарына сай қарауы тиіс. Бұдан бөлек, ит пен мысыққа қоғамдық мекемелерге, мектепке, қоғамдық көлікке, шіркеуге, т.б. кіруге салынған тыйымның күші жойылатын болды. Осыған байланысты ит пен мысық қожайынымен жексенбілік ғибадатқа қатыса алады немесе мейрамханаға кіре алады. Десе де бұл бастаманы алақайлап қолдаған жануарларды қорғау ұйымдарынан өзге наразы топтардың да өз айтар уәжі бар. Қоғамдық орындарда ит пен мысықтан жиіркенетін немесе аллергиясы бар, тағы сондай тұрғындар аталмыш бастамаға қарсы.

0 пікір
Мұрағат