Ит асыраушы аю бағып келгенін білмеген
Ит асыраушы аю бағып келгенін білмеген
10 жыл бұрын 5389 Lukas Schulze / DPA / Global Look

Қытайдың Юньнань провинциясының Ван Кайюй есімді тұрғыны екі жыл бойы күшік деп сатып алған айуандардың аю болып шыққанын білмей келген. Бұл жайында «The Daily Mail» ақпарат көзі хабар таратты. Тек олардың ересен зор болып жетілгенін көргенде және үй құстарын өлтіре бастағанда ғана күдік пайда болған. Ол айуандарды жергілікті тағы жануарларды құтқару орталығына тапсырды. Ол екі «күшікті» 2013 жылы банан плантациясында жұмыс істеп жүрген кезінде сатып алған. Ауыл тұрғындары да оларды ажырата алмаған. 2015 жылы жыртқыш айуандардың әрбіреуінің салмағы 45 келі тартып, қожайындарының тауығына қырғидай тиген. Осы аралықта Ван тұқымы тұздай құрып бара жатқан қара аюды сақтау турасында мақаланы оқып, онда бейнеленген қара аюдың өзінің асырауындағы айуандарға қатты ұқсайтындығы таңқалдырады. Аталмыш провинцияның жабайы жануарларды құтқару орталығы мамандарының көмегімен ит емес, аю асырап отырғанына көз жеткізген. Мамандар олардың біреуінің ұрғашы да екіншісінің еркек екенін де анықтап берген. Ветеринарлар жыртқыш айуандардың денсаулығында қандай да бір кінәрат жоқтығын алға тартып отыр. Айта кетейік, азиялық (гималайлық) қара аю – күрең түсті тұқымдасына қарағанда екі есе кіші болып келетін, сымбатты дене тұрқымен, сүйір тұмсығымен ерекшеленетін жыртқыш. Ересек еркек аюдың бойының ұзындығы 150-170 сантиметрге дейін жетеді, салмағы шамамен 120-140 келі тартады. Аюдың бұл түрі құмырсқалармен, бақалармен, т.б. жәндіктермен қоректенеді. Адамға шаппайды. 

0 пікір
Мұрағат