Испаниядағы егістік алқаптарының 60% -ы жаз басталмай жатып құрғақшылықтан зардап шекті
Испаниядағы егістік алқаптарының 60% -ы жаз басталмай жатып құрғақшылықтан зардап шекті
2 жыл бұрын 943 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Фермерлер мен мал өсірушілер қауымдастығының (COAG) келтірген есебіне сәйкес Испаниядағы құрғақшылықтан қазірдің өзінде ауылшаруашылық алқаптарының 60%-ы зардап шегіп, 3,5 миллион гектардан астам дәнді дақылдарға зиян келген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде La Razon дерек көзіне жөн сілтеген eldala.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. COAG-тың атқарушы комитетінің мүшесі Андрес Гонгораның айтуынша, құрғақшылық Испанияның солтүстік аймағынан басқа өңірлерін жайлаған. Андалусиядағы, Эстремадурдегі, Кастилия-Ла-Манчтағы және Мурсидегі арпа мен бидай дақылдары түгел дерлік өнбей жатып семіп алған. Бұдан  бөлек, жаңғақ пен жүзім де жоғалу алдында тұр, мұндай қатер зәйтүн алқабына да төніп тұр. Құрғақшылықтан аман алып қалу үшін су  тапшы. Шабдалы, абрикос және шие секілді цитрусты және дәні бар жемістер де, қызанақ, қарбыз, қауын, қырыққабат биыл жылдағыдан көп төмен өнім береді. Фермерлер мен дихандар күнбағыс, жүгері, күріш және мақта алқаптарын қысқартып жатыр. Бұдан бөлек, мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер жайылым жерлердің құрғақшылықтан шаңы шыға бастағандықтан ірі қараларын сойып жатыр.

0 пікір
Мұрағат