Исламофобиямен виртуалды түрде күреседі
|
Түркияның жастар ісі және спорт министрлігі ел аумағында танымал компьютерлік ойындар арқылы исламға қарсы контенттермен күресетін болады. Түріктердің Sabah мерзімді басылымының хабарлауынша, аталмыш министрлік басшысы Акиф Шағатай батыс елдері компьютерлік ойындарды мұсылмандарды жеккөрінішті етіп көрсету үшін пайдалануда. «Зорлық-зомбылық, терроризм, исламофобия және дініміз туралы ойдан шығарылған жалған ақпараттар жастар санасына компьютерлік ойындардың көмегімен сіңдіруліде»,- депі мәлімдеді министр. Аталған ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Call of Duty: Modern Warfare, Counter-Strike, Tekken Tag Tour nament, Zack and Wiki секілді танымал компьютерлік ойындарына министрлік түсіністікпен қарап, ондағы исламофобиялық контентерді жойды. «Guitar Hero 3», «Devil May Cry 3», «Resident Evil» компьютерлік ойындарында исламофобиялық контенттер сақталып қалған. Ондағы қасиетті Қағба мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қабірі зұлымдық ошағының символы ретінде бейнеленген.