Исламофобиямен тиімді күресу үшін оның нақты анықтамасы керек – сарапшылар
Исламофобиямен тиімді күресу үшін оның нақты анықтамасы керек – сарапшылар
2 жыл бұрын 1368 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания үкіметі 3 жыл бұрын басталған исламофобия ұғымының ресми анықтамасы бойынша жұмысты жалғастырудан бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы The Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лейбористік партия атынан парламент мүшесі Абзал Хан консерваторлар атынан депутат Нұсрат Ғанидің жанайқайына қарамасатан Ұлыбритания билігі 2018 жылдан бері бұл бағытта қол қусырып отыр. Жыл сайын жергілікті мұсылмандар мен мигранттар діни әрі нәсілдік кемсітушіліктің құрбанына айналуда. Осындай келеңсіздікке көз жұма қараған биліктің әрекетін қатаң сынға алған мұсылман депутаттар батыс елдерінде кеңінен тараған осынау жат әлеуметтік құбылысқа тойтарыс беру үшін нақты әрі ресми анықтама керектігін алға тартып отыр; сонда ғана исламофобтардың жүгенсіз әрекетімен тиімді күресуге жол ашылады. Сол кездегі Ішкі істер министрі Жеймс Брокенширдің үкіметтің исламофобияның нақты анықтамасын белгілейтіні әрі бұл шараның секталық қылмыстардың алдын алу, тергеу және жазалауда көпк көмектемсетіні туралы уәдесінің сөз күйінде қалғанын ашына жеткізді.  2018 жылы Бүкіл партияның парламенттік тобы исламофобияны «исламға қарсы бағытталған нәсілшілдік түрі» деп анықтама берген еді. Бұл бастаманы лейбористер мен басқа да оппозициялық партиялар қолдады. Алайда, Борис Джонсон премьер-министр болған сәттен бастап, бұл бағыттағы жұмыс тоқтап, министрлер кабинеті исламофобияға ресми (тіпті, керек болса, заңдық) анықтама беру мәселесін қарауды үнемі кейінге қалдырумен келген еді. Күні кеше премьерлікке тағайындалған тегі үнділік Рища Сунак мұсылмандар үшін аса маңызды бұл мәселені күн тәртібінен біржола алып тастады. Дегенмен, Ішкі істер министрлігінің статистикасы дәйекті түрдегі секталық қылмыстардың 40%-дан астамы мұсылмандарға қарсы жасалғанын көрсетеді, бұл Ұлыбританиядағы кез келген діни топтан бірнеше есе жоғары көрсеткіш.

Ұқсас материалдар:

«Исламофобия тамыр жайған елдердің бірінде исламофобиямен күресетін мемлекеттік қызмет құрылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/islamofobiya-tamyr-jaigan-elderdin-birinde-islamofobiyamen-kuresetin-memlekettik-qyzmet-quryldy-16917/#gsc.tab=0);

«Еуропалық кеңесте исламофобиямен, антисемитизммен күрес жөніндегі арнайы қызмет ашылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/europalyq-keneste-islamofobiyamen-antisemitizmmen-kures-jonindegi-arnaiy-qyzmet-ashyldy-14237/#gsc.tab=0);

«Түркия исламофобиямен күресуге бел буды» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-islamofobiyamen-kuresuge-bel-budy-5588/#gsc.tab=0);

«Исламофобияға қарсы бүкіл әлемдік күрес күні бекітілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/islamofobiyaga-qarsy-bukil-alemdik-kures-kuni-bekitildi-16522/#gsc.tab=0);

"Исламофобиямен бүкіл әлемдік күрес күнін" белгілеуді ұсынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/islamofobiyamen-bukil-alemdik-kures-kunin-belgileudi-usyndy-11623/#gsc.tab=0);

«Қай елде исламофобия кең таралған?» (https://islam.kz/kk/news/alem/qai-elde-islamofobiya-ken-taralgan-1104/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат